Over 10 years we help companies reach their financial and branding goals. Maxbizz is a values-driven consulting agency dedicated.

Gallery

Contact

+1-800-456-478-23

411 University St, Seattle

maxbizz@mail.com

«Нұр Бала - 2021» ЖШС жалпы білім беретін мектеп тарихы

«Нұр Бала -2021» ЖШС жалпы білім беретін мектеп тарихы Түркістан облысы Келес ауданы Ақтөбе ауыл округіндегі «Лесбек батыр» ауылында Искендеров Бауыржан Нұржанұлы мектеп ашуды ұйғарады.2021жылы 1-қыркүйек күні «Нұр Бала-2021»жауапкершілігі шектеулі серіктестік бастауыш мектебі өз жұмысын бастады.Мектеп лицензиясын «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Түркістан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесі тарихынан мерзімі шектеусіз ҚР Заңының 36-бабына сәйкес берілді.Мектеп қазіргі заман талабына сай құрылған.Оқушыларға компьютер сыныптары мен жартылыстану пәндеріне лайық жабдықталған сыныптар қызмет етеді.Спорт залы мен асханасы бар.Оқушыларды ыстық тамақпен тамақтандырып,мектеп формасы,оқулықтармен толық қамтамасыз етіледі.

Құрылтайшы Б.Н. Искендеров мектептің білім сапасын арттыру мақсатында тәжірибиелі ұстаздарды мектепке тартуды мақсат етті.Мектептің алғашқы директоры етіп 40 жылдық тәжірибелі ұстаз,көп жылдар бойы мектеп басшысы директор қызметін атқарған физика-математика мамандығы бар Байходжаев Мырахметті директор етіп тағайындады.

Мектептің оқу-ағарту саласында алғаш қызмет еткендер:

  • Абдуллаева Гулназ- орыс тілі маманы
  • Перенова Зылиха-ағылшын тілі маманы
  • Мұхтарханова Ғалия — педагог-психолог маманы
  • Қаңлыбаев Арман- дене шынықтыру маманы
  • Бұйрабаева Салима- еңбек сабағының маманы
  • Медбике Абдуалы Нұрсұлу қызмет атқарады.

       Мектеп жаңа оқу жылына дайындықты тамыз айынан бастады.Мектеп ұжымы оңтайлы жұмыс істеуіне орай ауыл округіндегі ата- аналардың балаларын осы мектепте оқыту ықласы артқан.Жаңа оқу жылын мектеп 310 оқушы 15-сыныптан құралды.

      2022 жылдың 12-ші қыркүйегінде Түркістан облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Хо703 бұйрығымен «Негізгі орта білім беру» мерзімі шектеусіз лицензияға өзгеріс берілді.

          Құрылтайшының бұйрығы негізінде орыс тілі пән мұғалімі жоғары санатты ұстаз,педагог-зерттеуші,тренер-оқытушы Абдуллаева Гульназ Айдархановнаны директор етіп тағайындады.Мектеп оқушылары 15 сыныпқа іріктелді.Оқу процессін жақсарту мақсатында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мырахмет Байходжаев және тәрбие жөніндегі орынбасары Амалбек Сәрсенбеков тағайындалды.Мектеп ұжымы тәжрибелі ұстаздармен толықтырылды.Олар :

  • Ағылшын тілі пән мұғалімдері:Қалдар Айдана,Серікбай Ақманат,
  • Орыс тілі пәні мұғалімі Убайдуллаев Алхам,
  • Қазақ тілі пәні мұғалімі Мамбетова Айткул.
  • Информатика пәні мұғалімі Уматулла Қамбар.
  •  Тарих пәні мұғалімі Тұрсынбек Ералхан.
  •  Бастауыш сыныптарына:Әділ Жазира,Ерназарова Айсара,Мырахметова Жайна,Жұманова Гүлбану.
  •  Денешынықтыру пәнінің мұғалімдері Қалымбет Нұрғали,Омархан Мұхтар.
  • Информатика және қосымша 1с жүргізуші Рахымова Айдана.

          Оқушыларды елді мекеннен тасымалдау үшін үш автобус қызмет етеді.Олар Меңліқұлов Серік,Ақботаев Әбутәліп,Ақботаев Базарбай.Жүргізушілер көп жылдық тәжірибеге ие.

Асхана меңгерушісі Уздембаева Халида балаларға ыстық тамақ беруде жауапты тұлға.

Сәрсенбеков Амалбек Әбдетұлы 2022-ші жылдың қыркүйек айынан бастап, «Нұр Бала-2021» ЖШС негізгі орта білім беретін мектепте директордың тәрбие ісі жөнінде орынбасары соң мектеп директоры қызметке тағайындалды.

Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің «Түркістан облысының білім саласында сапаны қастамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесі 04.07.2025 жыл Хо923 бұйрығы негізінде «Нұр Бала-2021» ЖШС ЖББМ лицензиясы берілді.

Қазіргі таңда мектепте 456 оқушы 25 сынып кабинеттері бар.45 білікті ұстаздар қызмет етеді.Оқушыларды Ақтөбе ауыл округі бойынша 6-жайлы автобуспен тасымалданады.

1-ші сынып оқушыларына күніне 2-рет тамақ берілсе,2-9 сыныптарға түскі ас мәзірі беріледі.

Мектепте пән үйірмелері айтқанда:шахмат,футбол,волейбол,күрес,бокс,ағылшын тілі,көркем жазу,математика,орыс тілі,домбыра,мәнерлеп оқу сияқты үйірмелер үздіксіз жұмыс істейді. Оқушыларды тарихи орындарға саяхат жасап отырамыз.Шымкент,Арыстан-баб,Түркістан қалаларына апарып отырамыз.