Over 10 years we help companies reach their financial and branding goals. Maxbizz is a values-driven consulting agency dedicated.

Gallery

Contact

+1-800-456-478-23

411 University St, Seattle

maxbizz@mail.com

«Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі» ЖШС
МЕКТЕП ТУРАЛЫ

«Нұр Бала-2021» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қазақстан  Республикасы,  Түркістан облысы,  Келес  ауданы, Ақтөбе  ауылдық  округі, Лесбек  батыр  ауылы,  А.Тұралымұлы  көшесі  № 73 /Б мекен  жайында  мектеп  орналасқан.  Оқу  орны  заңды  түрде  2021  жылдың  қыркүйек айынан «Бастауыш  білім  беру»  мектебі  болып , «Қазақстан Республикасы  Оқу-ағарту  министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесінің лицензиясы  аясында   өз жұмысын бастады. 

2023 жылдың  маусым  айынан  «Негізгі орта білім беру» қызметі бойынша өз  жұмысын  жүргізіп,  2025 жылдың   маусым   айынан «Жалпы орта білім беру» мектебі болып   өз қызметі бойынша  білім  алушыларға   сапалы білім  мен саналы тәрбие беріп, заманауи ойлайтын, отан сүйгіш, мәдениетті тұлға  тәрбиелеуде.

Қазіргі таңда мектепте 456 оқушы 25 сынып кабинеттері бар.45 білікті ұстаздар қызмет етеді.Оқушыларды Ақтөбе ауыл округі бойынша 6-жайлы автобуспен тасымалданады.

оқушы
педагог
қызметкер
оқу
кабинеті
үйірме
Құрметті ата-аналар, оқушылар және қадірлі сайт қонақтары!

«Нұр Бала-2021» жалпы орта білім беретін мектебінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Біздің мектеп – жас ұрпақтың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жағдай жасайтын білім ордасы. Мұнда әрбір бала – біздің мақтанышымыз, ал ата-ана – сенімді серіктесіміз.

Біздің басты мақсатымыз – заманауи талаптарға сай білім беріп, оқушылардың бойында отансүйгіштік, ізгілік пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Мектеп өміріндегі барлық жетістіктер мен жаңалықтар сіздермен осы сайт арқылы бөлісіліп отырады.

Құрметті ата-аналар!
Балаларыңыздың білім мен тәрбие жолындағы жетістіктері сіздердің қолдауларыңызбен тығыз байланысты. Біз бірге жұмыс істеп, жарқын болашақ үшін бар күшімізді біріктірейік!

Қымбатты оқушылар!
Ізденуден жалықпаңыздар, білімге ұмтылыңыздар! Еңбекқорлық пен табандылық – табыстың кілті екенін ұмытпаңыздар.

Біздің ортақ мақсатымыз – еліміздің болашағы болатын саналы, білімді, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу.

Ізгі тілекпен,
«Нұр Бала-2021» ЖШС жалпы орта білім беретін мектептің директоры

Пайдалы сілтемелер